Басты бетке

Құпиялылық саясаты

Соңғы өзгеріс: 2026 жылғы 4 қараша

Horezmi (horezmi.kz) — 5–9 сынып оқушыларына арналған математика платформасы. Бұл бетте біз сен туралы қандай дерек жинайтынымызды, оны не үшін қолданатынымызды және кімге беретінімізді түсінікті тілмен жаздық.

Кім тіркеле алады

Тіркелу үшін саған 14 жас толған болуы керек. 14-ке толмаған болсаң, ата-анаңның (не заңды өкіліңнің) рұқсатымен ғана тіркел. Тіркелгенде сен осыны растайсың.

Қандай дерек жинаймыз

  • Тіркелгі: аты-жөнің, телефон нөмірің не поштаң, құпиясөз (ол бір бағытты шифрмен сақталады — оны біз де көре алмаймыз).
  • Өзің туралы жауаптар: сыныбың, мақсатың, мектептегі оқу тілің, Horezmi туралы кімнен білгенің, баптауларың (тақырып, дыбыс, аватар).
  • Оқу барысы: диагностика мен есептерге берген жауаптарың, оларға кеткен уақыт, меңгерген тақырыптарың, күнделікті белсенділігің.
  • Тәлімгермен сөйлесу: AI-тәлімгерге жазған хаттарың мен дауыстық хабарламаларың (дауыс мәтінге айналдырылады, дыбыстың өзін сақтамаймыз).
  • Пікірлерің: платформаға қойған бағаң мен жазған пікірің.
  • Техникалық дерек: құрылғы түрі (телефон, компьютер), сайтқа қай сілтемемен не қай сайттан келгенің (мысалы, жарнамадан), сайтты қалай қолданғаның (төменде «Microsoft Clarity»).

Не үшін қолданамыз

  • Саған дәл сенің деңгейіңе сай есептер мен оқу жолын құру үшін.
  • Тәлімгер сенің сұрағыңа жауап беріп, қатеңді түсіндіре алуы үшін.
  • Платформаны жақсарту үшін: қай жер түсініксіз, қай есеп тым қиын, оқушылар қай жерде тоқтап қалатынын көру.
  • Жарнаманың қайсысы шынымен көмектесетінін түсіну үшін.

Деректеріңді сатпаймыз және жарнама берушілерге бермейміз.

Кімге беріледі

  • Google (Gemini): AI-тәлімгер жұмыс істеуі үшін тәлімгерге жазған хатың, дауыстық хабарламаң және сол кездегі есеп пен оқу барысың жіберіледі.
  • Microsoft Clarity: сайттағы әрекеттердің жазбасы — қайда басқаның, бетті қалай айналдырғаның. Аты-жөнің, телефоның, поштаң, құпиясөзің, тәлімгермен хаттарың мен пікір мәтінің жазбада жасырылады. Есептерге берген жауаптарың көрінеді: енгізу ыңғайлы ма, соны көру үшін.
  • Хостинг: сайт пен дерекқор бұлттық серверде орналасқан.
  • Заң талап еткен жағдайда — уәкілетті мемлекеттік органдарға.

Cookie

Біз cookie-лерді тек жұмыс үшін қолданамыз: кірген күйіңді сақтау, интерфейс тілі, сайтқа қай сілтемемен келгенің (60 күн) және Microsoft Clarity. Жарнамалық бақылау cookie-лері жоқ.

Қанша уақыт сақтаймыз

Тіркелгің бар кезде сақтаймыз. Тіркелгіңді өшіруді сұрасаң, жеке деректеріңді өшіреміз; оқу статистикасында сенің атың жоқ жалпы сандар ғана қалуы мүмкін.

Сенің құқықтарың

Өзің туралы қандай дерек бар екенін сұрауға, қатесін түзетуге, тіркелгіңді және деректеріңді өшіруді талап етуге құқығың бар. Аты-жөніңді, сыныбыңды және байланысыңды Баптаулардан өзің өзгерте аласың. Басқа сұраныс үшін Баптаулардағы «Пікір қалдыру» арқылы жаз — жауап береміз.

Өзгерістер

Саясатты өзгертсек, осы бетте жаңартып, жоғарыдағы күнді ауыстырамыз. Маңызды өзгеріс болса, платформаның ішінде хабарлаймыз.